Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, арты қарға ұласады

0
726

Кей жерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.


Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, арты қарға ұласады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2020 жылғы 23-25 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігіне Солтүстік циклонның жырасы әсер етіп, арты қарға ұласатын жаңбыр күтіледі, кей жерде қатты жаңбыр, еліміздің солтүстік бөлігінде күшті, екпінді жел тұрады. 23 сәуірде кей жерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Содан кейін циклонның артынан суық антициклон ығысады, ол жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының төмендеуіне алып келеді, - делінген хабарламада.

23-24 сәуірде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын-шашын, күндіз бұршақ жауады. Жел батыстан соғады, күші - кей жерлерде 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстік-батысында 3 градус үсік күтіледі.

24 сәуірде Ақтөбе облысының кей жерлерінде жауын- шашын жауады, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20, 23 м/с жетеді. Түнде кей жерлерде 3 градус үсік жүреді.

23 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, тұман түседі. Оңтүстік- батыстан соққан желдің қарқыны - түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз - 15-20, жалпы екпіні - 23-28 м/с дейін күшейеді.

Ертең Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, жел жылдамдығы - 15-20 м/с.

23 сәуір күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл соғады . Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші - кей жерлерде 15-20, күндіз - 25 м/с жетеді.

Павлодар қаласында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с болады.

23 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде күн күркіреп, дауыл соғады, бұршақ жауады. Оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с, 23 м/с дейін күшейеді.

23 сәуір Нұр-Сұлтан қаласында найғазай жарқылдап, дауыл тұрады. Бұршақ жауады. Оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-18 метрге жететін күшті жел соғады.