Індет шыққан ауылда карантин жарияланды.
ERNUR.KZ. Ақмола облысында құс тұмауының ошағы анықталды, деп хабарлайды Хабар24.
Қазір ауру шыққан Жарқайың ауданы Шойындыкөл ауылында карантин жарияланды.
"Бұл туралы ветеринария басқармасының басшысы мәлімдеді. Қазір бізбен тікелей байланысқа осы өңірдегі тілшіміз Айдарбек Айтмұхамбетұлы шығады. Ол мән-жайды айтып беруге дайын", - дейді телеарна.