Қазан айында екінші деңгейлі баспаналардың бағасы сәл арзандаған

0
479

Ең қымбат пәтер – Алматыда.


Қазан айында екінші деңгейлі баспаналардың бағасы сәл арзандаған

ERNUR.KZ. Қазан айында ел ішіндегі 17 өңірдің 11-інде, екінші деңгейлі баспаналардың бағасы сәл арзандаған. Қазір жалпы бір шаршы метрінің орташа бағасы 369 мың теңге. Ең қымбат пәтер – Алматыда. Мегополисте шаршы метрі 707 мың теңгеден есептеледі, деп жазады zakon.kz.

Астанада 473 мың, Шымкентте 419 мың, Атырауда – 386 мың, Өскеменде – 380 мыңнан.

Ал ең арзан пәтерлер - Қызылорда мен Ақтөбе қалаларында.

Осылайша, Алматыдан бір бөлмелі баспананы орташа есеппен 24 млн теңгеге, ал Астанадан 17,7 млн теңгеге алуға болады.