Оның бірі – Солтүстік Қазақстан облысындағы мердігердің бас инженері.
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев
ERNUR.KZ. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы атқарған жұмысы үшін құжатқа артық ақша жазып беруді өтінген бірнеше адамды Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұстатып жіберген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының бастамашылық хабарламасы негізінде 2026 жылдың 8 шілдесі күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері орындалған жұмыстардың қол қойылған аралық актісі сомасының 1 пайызы көлемінде пара алу кезінде мердігер ұйымның техникалық қадағалау жөніндегі бас инженерін ұстады», - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, «ҚазАвтоЖол» компаниясының өзі жүргізген қызметтік тергеп-тексеру материалдары мен аудиторлық тексеру кезінде Көкшетаудың көлік прокуратурасы «ҚАЖсервис» ЖШС Ақмола облыстық филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 250-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Бұл істегі залал көлемі 24 млн теңгеден асқан.


