Қазгидромет алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын хабарлады

0
603

Алдағы күндері қар аралас жаңбыр, бұршақ жау жауады.


Қазгидромет алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын хабарлады

"Қазгидромет" орталығы мамандары алдағы үш күнге арналған, яғни 27-29 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атлантикалық циклонның әсерінен кезеңнің басында республика аумағында ауа температурасы 15-26°С-қа дейін, Қазақстанның оңтүстік бөлігінде 28-36°С-қа дейін көтеріледі.

Кезеңнің соңында Солтүстік-Батыс антициклонының ауытқуымен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасы түнде, елдің солтүстігінде 3°С аяздан 5°С жылыға, күндіз 8-15 °С жылыға дейін төмендеуі мүмкін.

Республиканың оңтүстік өңірлерінде күндіз термометр бағандары 20-28°С-қа жылыға дейін төмендейді. Жаңбыр жауады, оңтүстік аймақтарда найзағай ойнайды, солтүстік аймақтарда қар аралас жаңбыр, бұршақ жауып, қатты жел тұруы мүмкін.