Өткен айда шетелдік басылым Қазақстанның үстінде метаннан құрылған бұлт байқалғаны труалы хабар таратты.
ERNUR.KZ. "ҚазТрансГаз" Алматы облысында газ құбырынан метан шығып жатқаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, деп жазады Tengrinews.kz.
Bloomberg басылымы өткен айда Қазақстанның үстінде метаннан құрылған бұлт байқалғаны труалы хабар таратты. Басылым мәліметінше, бұлт 24 шілдеде Алматыдан батысқа қарай 100 шақырым жерде байқалған. Хабарламада Kayrros SAS геоаналитикалық компаниясының мәліметі келтірілген. Онда құбырдан сағатына 200 тонна метан шыққаны туралы айтылған.
"Осыған байланысты "ҚазТрансГаз" АҚ жазбада келтірілген деректер шындыққа сәйкес келмейді және дұрыс емес деп мәлімдейді. "ҚазТрансГаз" өз нысандарында қауіпсіздікті, соның ішінде Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөледі. 10 миллион текше фут немесе 300 мың текше метр сияқты газдың шығуы туралы жарияланған мәлімет шындыққа жанаспайды және тәулік бойы жұмыс істейтін газ компаниясының қауіпсіздікті бақылау жүйесінің назарынан тыс қалуы мүмкін емес.
"Азиялық газ құбыры" ЖШС (АГҚ), сондай-ақ "Бұхара газды ауданы - Ташкент - Бішкек - Алматы" магистральдық газ құбырында және Алматы облысының газ тарату жүйелерінде белгіленген күні (2021 жылғы 24 шілде) табиғи газ мөлшерінің азайуы болған жоқ", - деп мәлімдеді компания өкілі.
Координаттар "Азиялық газ құбыры" ЖШС "Қазақстан-Қытай" КС-6 МГ-ға келеді. "ҚазТрансГаз" деректері бойынша, осы компрессорлық станцияда 2021 жылғы 24 шілдеде атмосфераға 16,7 мың текше метр немесе 0,5 миллион текше фут көлемінде газды айдайтын жабдыққа қызмет көрсету бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілген. Компанияда олардың бәрін растайтын құжат пен акті бар.
"Газды қауіпсіз тасымалдау үшін газ құбырларының тұтастығына тұрақты мониторинг болады. Құрылыстардың ықтимал зақымдануының алдын алу және анықтау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Осы мақсатта магистральдық газ құбырлары арқылы тасжолды айналып өту, ал тарату желілері бойынша "ДЛС-ПЕРГАМ" газ талдағышын пайдалану арқылы айналып өту жүргізіледі", - делінген хабарламада.