Кейінгі 10 жылда мемлекеттік қызметтер саны 2 еседен астам өсті

0
162

Тек осы жылдың қазан айында QR-кодтар арқылы 8 млн қол қойылды.


Кейінгі 10 жылда мемлекеттік қызметтер саны 2 еседен астам өсті

фото: Владислав Воднев

ERNUR.KZ. Үкімет Цифрландыру және ақпараттық технологиялар күніне орай Қазақстанның осы саладағы негізгі жетістіктерін тізіп шықты, деп жазады sputnik.kz.
БҰҰ дерегі бойынша 2024 жылы Қазақстан әлемнің 193 елінің ішінде телекоммуникация инфрақұрылымы индексінде 42-ші орынды иеленді. Елдегі интернет-пайдаланушылардың үлесі 93%-ға жетеді.
БҰҰ Халықаралық электр байланысы одағының Жаһандық киберқауіпсіздік индексіне сәйкес, биыл пайдаланушылардың дербес деректерін қорғау деңгейі бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болды.
Кейінгі 10 жылда мемлекеттік қызметтер саны 2 еседен астам өсті. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында арнайы қосымшалар мен сервистер арқылы пайдаланушыларға 33 млн қызмет көрсетілді. Тек осы жылдың қазан айында QR-кодтар арқылы 8 млн қол қойылды, ал Digital ID жүйесі арқылы 18 млн сәйкестендіру жүргізілді.