Өңірлерде жаңа өнімге келісімшарттар жасасу жұмысы жедел қарқынмен жүргізілуде
© Sputnik / Санат Имангалиев
ERNUR.KZ. Халық пен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өндірушілеріне арналған тариф жыл соңына дейін өспейді. Бұл туралы инфляцияны тежеу мәселелері жөніндегі кезекті жиында айтылды, деп жазады sputnik.kz.
Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаевтың хабарлауынша, биылға жоспарланған коммуналдық тарифтер бағасын көтеру жұмыстары аяқталған, ал табиғи монополия субъектілерінен жаңа өтінімдер келіп түскен жоқ.
Өңірлерде жаңа өнімге келісімшарттар жасасу жұмысы жедел қарқынмен жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтің мәліметінше, картоп, пияз, сәбіз және қырыққабат жеткізуге арналған келісімшарттар 2025–2026 жылдардың маусымында халықтың қажеттілігін 50% қамтып отыр.
Мәселен, Атырау, Алматы облыстары мен Астана қаласында пиязға деген сұраныс толығымен жабылған. Қарағанды, Түркістан, Абай, Ақмола облыстары мен Алматы қаласында да жұмыс қарқынды. Бірақ Ақтөбе облысында көкөністің барлық түрі бойынша келісімшарттар жасасу деңгейі төмен.
Бақылауды күшейту мақсатында Серік Жұманғарин өңірлерге барып, тұрақтандыру қорларындағы көлем мен қордың жеткілікті болуын тексеретін арнайы жұмыс тобын құруды тапсырды.