"Киімдері таусылған ба": Ауа райы жүргізушісінің ашық образын желіде сынап тастады

0
1 038

Әлеуметтік желі қолданушылары да осыған қатысты пікірін білдірген.


ERNUR.KZ. Әлеуметтік желі қолданушылары "Еуразия бірінші арнасындағы" ауа райы жүргізушісі - атышулы Динагүл Тасованың "тым ашық" киімін сынға алды, деп жазады nur.kz.

Facebook қолданушыларының бірі осыған қатысты пікірін білдірген.

"Әдетте бөтен адамның гардеробында шаруам жоқ. Бірақ бұл мемлекеттік бюджеттегі телеарна. Неге пікір білдірмеске? Меніңше, анайылау. Қазір мұсылмандарда ораза, көрермендерге құрметпен қарап, әдептілік сақтауға болар еді. Оның үстіне бағдарлама қазақ тілінде. Орысша нұсқасын көрдім, онда жүргізушінің киімі қарапайымдау. Мүмкін "Еуразия бірінші арнасында" дені дұрыс киімдер таусылып қалған болар? "Рейтинг қуу"(...) мен бәрін түсінемін... Бірақ әріптестер, талғамдарыңыз қайда?", - деп жазды ол.

Әлеуметтік желідегілердің басым көпшілігі жазба авторын қолдап, стилистерді сынға алған.

"Қараудың өзі жиіркенішті... Бір жылдан астам уақыт осылай киінеді. Осының салдарынан телеарнаны қосқымыз келмейді", "Жақында ғана оның эфирге осылай шыққанын көрген анам қатты ашуланған еді", "Бұл кешкі көйлек. Ол расымен де ауа райы туралы бағдарламаның түсірілімі үшін емес екені анық", "Әрине, әдемі көрінеді, бірақ ол қайда келгенін ұмытып қалған немесе студиядан шатасып кеткен", - дейді желідегілер.


Дегенмен, жүргізушінің киім үлгісін ұнатып, қолдағандар да табылған.

"Мұндай сұлулықты көрсету немесе жасыру күнә ма, білмеймін", "Бұл ауа-райын кім ұнатпаса және жек көрсе, оның таңдау мүмкіндігі бар", - деп жазды олар.