ERNUR.KZ. Бес литрлік құтыға кілең 100 теңгелік тиындарды жинағандар көпшіліктің таңданысын тудырды. Осыншама қаржыны ерінбестен жинаған тұрғындар құтыдағы тиындарды жерге төгіп, видеоға түсірген.
ERNUR.KZ. Бес литрлік құтыға кілең 100 теңгелік тиындарды жинағандар көпшіліктің таңданысын тудырды. Осыншама қаржыны ерінбестен жинаған тұрғындар құтыдағы тиындарды жерге төгіп, видеоға түсірген. Бұл видеоны әлдекім әлеуметтік желіге жүктеп, көпшілікпен бөлісті. Оны көрген желідегілер түрлі болжамдарын жасады. Бірі бұл құтыдағы теңге құны жарты миллионға жетеді десе, енді бірі 400 мың теңгені құрайды деп жазды. Ал енді бір қолданушы ұсақ ақшаны жинайтын бұл құтыдағы қаржыға соңғы үлгідегі "Айфон" ұялы телефонын сатып алуға жетеді деген пікірін қалдырды.
«Шамамен 500 мың теңге болу керек», «Кем дегенде 450 мың теңгеден асады. Өзімнің тәжірибемнен білемін», «Жарты миллион теңге шығады», «Бір литрлік құтыға 77600 теңге сыйған. Өзім осылай жинағанмын», «Мен ұсақ тиындарды жинауды енді бастадым, қашан толады екен?», «Несие алып, кейін оны пайыздық үстемақымен төлегенше, осылай жинаған дұрыс қой» деген желідегілердің кейбірі «Бәсе, жүз теңгелік тиындардың барлығы қайда кетті десек, осында екен ғой» деп те қалжыңдады. Ал тағы бір келіншек келін болып түскен сәтте осылай ұсақ тиындарды жинап, кейін балалы болғанда екі баласына кереует сатып алғанын айтып мақтанды. Желідегілердің көпшілігі осыншама қаржыны ерінбей жинағандарға риза болып, игіліктеріне жаратуларын тіледі.