Кінәлілер жылуы жоқ түрмеде жазасын өтейді деп сенемін – Димаш Екібастұздағы апат жайлы

0
2 349

30 қарашада Екібастұзға Премьер-Министр Әлихан Смайылов барып, кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты.


Кінәлілер жылуы жоқ түрмеде жазасын өтейді деп сенемін – Димаш Екібастұздағы апат жайлы

ERNUR.KZ. Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Екібастұздағы апатқа қатысты пікір білдірді, деп жазады ҚазАқпарат.

"Екібастұздағы халықтың жағдайы үшін алаңдап отырғанымды айтпасам да түсінікті болар. Менің парақшамды көптеген басқа мемлекеттің адамдары оқитын болғасын, ішкі мәселемізді сыртқа шығарғым келмеп еді. Бірақ, мына далада қалған аналарымыздың көз жасы зая кетпесін десеңіздер, ЖЭО басшысынан бастап, кінәлілердің барлығы жауапқа тартылып, жылуы жоқ түрмеде жазасын өтейді деп сенемін", -деп жазды Димаш Құдайберген өзінің Іnstagram парақшасында.

Еске салайық, 27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалды.

Кейін жылу қазандығының істен шығуына байланысты облыс әкімі бастаған жедел штаб құрылды.

Екібастұз қаласының оқушылары онлайн оқуға көшірілді.

28 қараша күні таңертең қалада жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.

30 қарашада Екібастұзға Премьер-Министр Әлихан Смайылов барып, кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты.

Апат себебі ретінде жылу желілерінің тозуы, жылу орталығы басшылығының немқұрайлылығы мен инвестициялардың жеткіліксіздігі аталды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қалалық жылу желілеріндегі апаттың салдарын жою жөніндегі жұмыстар аяқталғанша Екібастұзда болатыны хабарланды.

Бүгін Роман Скляр телефон арқылы Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа қалалық жылу желілеріндегі апаттың зардаптарын жою барысы туралы баяндады.