Кино орталығының директоры өз көлігін өртеуге тапсырыс берген

0
584

Бұл оқиға үш жарым ай бұрын болған. Нұрлан Қанатов сол кезде өзіне және отбасына қастандық жасалғанын айтып дабыл қаққан.


Кино орталығының директоры өз көлігін өртеуге тапсырыс берген

Таразда кино орталығының директоры қамауға алынды. Нұрлан Қанатов өз көлігін өртеуге тапсырыс берді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Қазір тәртіп сақшылары оның неліктен мұндай қадамға барғанын тексеріп жатыр.

Бұл оқиға үш жарым ай бұрын болған. Нұрлан Қанатов сол кезде өзіне және отбасына қастандық жасалғанын айтып дабыл қаққан.
Әлеуметтік желіде түрлі мәселе көтеретін белсенді бұл жағдайды өзінің қоғамдық жұмысымен байланыстырып және оның артында лауызымды шенділердің тұрғанын айтқан.
Полицейлер техникаға қасақана от қойған адамның ұсталғанын жеткізді. Сөйтсе оған 41 жастағы белсендінің өзі тапсырыс беріпті. Қазір күдікті қамауға алынып, оған қатысты тергеу басталды.
"Қанатовқа қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 419-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Пайдакүнемдік ниетпен көрінеу жалған сөйлеп, адамды ауыр қылмыс жасады деп айыптағаны үшін жауапкершілік көзделген. Оның кінәсіне қатысты нақты дәлелдер бар. Өртеп жіберген адам анықталғаннан кейін Қанатов тергеуге түрлі жолмен кедергі келтіруге тырысты", - дейді Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Алмаз Саламатов.