ҚМА экономикалық құқық бұзушылық фактілерін хабарлауға арналған Telegram ботты іске қосты

0
658

Бұл құрал арқылы қазақстандықтар экономикалық құқық бұзушылықтар туралы бір-ақ батырманы басу арқылы хабарлай алады.


ҚМА экономикалық құқық бұзушылық фактілерін хабарлауға арналған Telegram ботты іске қосты

Қаржылық мониторинг агенттігі Telegram мессенджерінде бот іске қосты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл құрал арқылы қазақстандықтар экономикалық құқық бұзушылықтар туралы бір-ақ батырманы басу арқылы хабарлай алады. «AFM Insider» ресми боты бірнеше бөлімде хабарлама қалдыру мүмкіндігін береді.
Осыдан кейін сауалдың мәнін айтып, «Жіберу» түймесін басыңыз. Хабарлама аз уақытта қаралады. Анонимділікке кепілдік беріледі.
Бот сілтемесі: https://t.me/afm_insider_bot
Еске сала кетейік, бұған дейін Telegram мессенджерінде қазақстандықтарға азаматтарды қаржы пирамидаларына тартатын алаяқтардың әрекеттерінен қорғауға арналған бот ұсынылған болатын. Оған ағымдағы жылдың басынан бері 6 мыңға жуық хабарлама келіп түсті, оның 1175 хабарламасы тек 2023 жылдың тамыз айында түскен.
Бот сілтемесі: https://t.me/BAIQApiramidaBOT
Қаржылық мониторинг агенттігі жосықсыз азаматтардың заңсыз әрекеттерінің алдын алатын процестерді автоматтандыру арқылы экономикалық қылмыстармен белсенді күресті жалғастырады.
• Жолданған хабарлама тек ақпарат сипатына ие және қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз бола алмайды.