​Kolesa арқылы айласын асырған алаяқ Сербиядан елге жеткізілді

0
131

Бүгін 45 жастағы қаскөй Бас прокуратурамен Қазақстанға экстрадицияланды.


​Kolesa арқылы айласын асырған алаяқ Сербиядан елге жеткізілді

Фото: polisia.kz

ERNUR.KZ. Бүгін алаяқтық ісімен іздеуде болған 45 жастағы күдікті Қазақстанға экстрадицияланды, деп жазады inform.kz.

"ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен 2023 жылдың қыркүйек айында үлкен көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған ер адам Сербияда ұсталды. Бүгін 45 жастағы қаскөй Бас прокуратурамен Қазақстанға экстрадицияланды. 2017 жылы ол Kolesa.kz сайтында қолжетімді бағада арнайы техника сататыны туралы хабарландыру жариялап, ел тұрғынын алдап соққан. Азамат онымен келісімшарт жасасып, 43 млн теңгеден астам ақшасын аударған", — делінген ІІМ хабарламасында.