Көлік министрі: Алдағы мерекелерде пойыз билеті қымбаттамайды

0
270

Министр теміржол инфрқұрылымын жаңарту, жаңа вагондар мен локомотив сатып алу шығындары билет бағасына әсер етпейді деп отыр.


Көлік министрі: Алдағы мерекелерде пойыз билеті қымбаттамайды

Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында алдағы мерекелерде пойыз билеті қымбаттамайтынын мәлім етті, деп жазады inform.kz.

«Теміржол тарифтерін көтеру жобасының билет бағасына еш қатысы жоқ. Ол тек жүк тасымалдайтын тарифтерге ғана байланысты. Жолаушылар тасымалдайтын пойыздардың билетінің бағасы ауыспайды.
Келесі жылы да, алдағы мерекелерде де ешқандай өзгеріс болмайды. Баға қалыпты болады», - деді ол журналистің сұрағына берген жауапта.

Министр теміржол инфрқұрылымын жаңарту, жаңа вагондар мен локомотив сатып алу шығындары билет бағасына әсер етпейді деп отыр.

«1 қазаннан бастап жолаушылар пойызының бағасы қымбаттады. Одан басқа қымбаттау алдағы уақытта жоспарланып отырған жоқ. Баға тұрақты болады. Алдағы мерекелердің баршасында баға тұрақты болады», - деді Марат Қарабаев.