"Көліктің алдына жүгіріп шығады": Қазақстанда балалар арасында қауіпті ойын тарауда (видео)

0
929

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желіде тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.


ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде қазақстандық балалардың арасында көлік жолына жүгіріп шығатын жаңа ойын пайда болғаны туралы ақпарат тарады, деп жазады Stan.kz

Бейнежазбада балалар арасындағы қауіпті ойынның “Өлсең де жүгір” деп аталатыны айтылған. Бейнежазбадан жол жиегінде тұрған баланың жүріп келе жатқан көліктің алдына жүгіріп шыққанын көруге болады.

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желіде тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Қостанай облыстық ПД бейнежазба астында жарияланған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Бейнежазбадағы жол-көлік оқиғасы 8 қазанда Рудный қаласында болған. "Daewoo Nexia" маркалы автокөліктің жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, кәмелетке толмаған жасөспірімді қағып кеткен. Осы факті бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 345-бабының 1-бөлігі (Жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады", – делінген полиция хабарламасында.

Полиция департаменті жалған мәлімет тартқандарға жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті.

БАҚ-тағы ақпараттарға сүйенсек, жасөспірімдер арасындағы мұндай қауіпті ойындар бұған дейін Ресей, Беларусь және Украинада болған.