15 тамыздан бастап, бүгінге дейін Көкшетау қаласында өрт қауіпсіздігі қамтамасыз ету бойынша алдын алу шарасы өткізіліп жатыр.
ERNUR.KZ. Көкшетауда көпбалалы отбасылар тұратын жеке үйлерге ыс иісін анықтайтын сенсор құрылғы орнатылуда, деп жазады ҚазАқпарат.
Ведомствоның мәліметінше, 15 тамыздан бастап, бүгінге дейін Көкшетау қаласында өрт қауіпсіздігі қамтамасыз ету бойынша алдын алу шарасы өткізіліп жатыр.
«ТЖД Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі мен Көкшетау қалалық ТЖБ қызметкерлері бірлесіп, жеке тұрғын үйлердің аралауда. Бірінші кезекте ыс иісін анықтайтын датчиктерді көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандардың үйлеріне орнатылуда. Сондай-ақ, олармен өрт қауіпсіздігін сақтау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Айта кету керек, Көкшетау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының дерегі бойынша жылу маусымы кезінде адам өлімі негізінен пештен, ыс тиуден болады. Осындай төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында 2018-2019 жылдары әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар тұратын жеке тұрғын үйлерге ыс иісін анықтайтын 48 датчик орнатылған. Жыл соңына дейін тағы 15-ін орнату жоспарланған. Бұл жұмыстар әкімдікпен бірлесіп атқарылуда.