Ол Қазақстанға бірнеше рет келсе де Бурабайды көрмеген екен.
Фото: https://www.instagram.com/minkyungha/
ERNUR.KZ. Кореядан келген саяхатшы-блогер Мин Кенха Қазақстандағы ең танымал демалыс орындарының бірі — Бурабайға барып, видео түсірген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Оның айтуынша, Бурабай Кореядан келетін туристер үшін әлі таныла қоймаған мекен.
«Алғашында Бурабайдың ауа райына таң қалдым. Біресе суып, біресе жылына кететін ауа райын бірінші рет көріп тұрмын. Бірақ, Бурабайды көрген біз ерекше әсер алдық. Табиғаты керемет», - деп жазады ол өз видеосында.
Сондай-ақ, ол Бурабайға бара жатқанда дәретхананы ойлап, қатты қиналған сияқты. Яғни, өзінің айтуынша, ол дәретхана иен далада тұрады деп елестеткен. Әрі ондай дәретхананың іші де лас шығар деп сескенгенін жасырмады.
«Алайда, дәретхана жол бойындағы дүкеннің ішінде екен. Менің жігітім әлгі дүкеннен тіпті кәріс лапшасын іздеп кетті. Бірақ, таба алмады», - дейді ол.
Қазақстандықтар оның бұл видеосын қатты ұнатып, жылы лебіздерін арнаған.