Коронавирустан 40-қа жуық жүкті әйел қайтыс болды

0
705

Коронавирустан қайтыс болған нәрестелер туралы мәліметтер жоқ.


Коронавирустан 40-қа жуық жүкті әйел қайтыс болды

ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният елімізде коронавирус жұқтырған 40-қа жуық жүкті әйел қайтыс болғанын айтты, деп жазады baq.kz.


Бізде коронавирустан қайтыс болған нәрестелер туралы мәліметтер жоқ. Коронавирус пен пневмониядан жүктіліктің өлімі туралы статистика бар. Жүкті әйелдердің арасында шамамен 40 адам қайтыс болды, - деді Ажар Ғиният брифингте.

Сонымен қатар, ол пневоманиямен 1 мың бала ауырғанын айтты.

Бүгінде елімізде COVID-19 індетін 73 468 адам жұқтырған. Оның 61,8 пайызы емделіп шықты. Пневмониямен ауруханада жатқандардың саны 8 мыңға жуық. Осы 8 мың науқастың ішінде мамыр айынан бастап 1 мыңнан астам бала ауырды. Қазір жүзден астам бала емханада ем алуда. Балалар коронавирус инфекциясының өте жеңіл түрімен ауырып жатыр. Балалар арасында осы инфекциядан ешқандай өлім-жітім тіркелген жоқ, - деді вице-министр.