Бас сүйегі сынған бала ауруханаға жеткізілген кезде есінен танып жатты. Бір тәуліктен кейін бала қайтыс болды.
ERNUR.KZ. Жеті жасар бала үйдің ауласында алған жарақатынан қайтыс болды. Оқиға Қостанай облысы Амангелді ауылында болды, деп жазады sputniknews.kz.
17 мамырда бала облыстық балалар ауруханасына бас сүйек-ми жарақатымен жеткізілген.
"Басс үйек-мидың ауыр жарақаты анықталды. Бас сүйек сынған, эпидуральды гематома, кома. Нейрохирургиялық ота жасалды. Өкінішке қарай, баланы құтқару мүмкін болмады. Баланың қалай жарақат алғаны бізге белгісіз", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Дәрігерлердің мәліметтеріне сәйкес, бала есін жимай, бір тәуліктен соң жансақтау бөлімінде көз жұмды.