Қостанай облысында жалған мониторинг топтары пайда болды

0
13 962

Мұндай жағдайлар туралы бизнесмендер әлеуметтік желірге жазып жатыр.


Қостанай облысында жалған мониторинг топтары пайда болды

ERNUR.KZ. Жалған мониторинг топтары нысандарды аралап, кәсіпкерлерді қорқытып жатыр. Олар кәсіпкерлерден заң бұзушылықтарға көзін жұмғаны үшін сыйақы талап етуде, деп жазады ҚазАқпарат.

Мұндай жағдайлар туралы бизнесмендер әлеуметтік желірге жазып, Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасына хабарлаған.

«Барлық рейдтердің міндетті түрде infokazakhstan.kz сайтына тіркеліп, онда алдын ала мониторинг тобының құрамы мен тексеріс жоспарланған нысан туралы жазылатынын тағы да еске саламыз. Тексерістің заңды-заңсыз екенін кәсіпкер өз бетінше тексере алады. Ол үшін актіде көрсетілген QR кодты сканерлеу керек», - деді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Роберт Юсупов.

Еске сала кетейік, бұл талаптар мониторинг топтарының алгоритмінде 1 шілдеден бастап пайда болды.

Енді әр топтың жұмысын infokazakhstan.kz платформасы арқылы бақылауға болады. Онда жоспарланған тексерістер мен олардың нәтижелері туралы мәліметтер жазылып отырады. Олардың негізінде өңірлер бойынша күнделікті статистика мен анықталған заң бұзушылық түрлерінің еркін кестесі құрылып отырады.