​Қостанай тұрғыны тәртіп сақшыларына граната тапсырды

0
1 018

Айта кетерлігі, қауіпті жарылғышты қабылдап алуға атқарушы органдардың 20 өкілі қатысты.


​Қостанай тұрғыны тәртіп сақшыларына граната тапсырды

ERNUR.KZ. Қостанай қаласының тұрғыны тәртіп сақшыларына өз еркімен Ф-1 гранатасын тапсырды, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға орнына Қостанай облыстық ТЖД қызметкерлері жұмылдырылды. Қала тұрғыны атқарушы орган өкілдеріне тот басқан Ф-1 оқу гранатасын тапсырды.

«Қарудың тұтандырғышы жоқ. Облыстық ІІД қызметкерлерінің арнайы тексеру шараларынан соң жарылғыш жоюға жіберіледі», - делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.

Айта кетерлігі, қауіпті жарылғышты қабылдап алуға атқарушы органдардың 20 өкілі қатысты.