​Қостанайлық полицейлер тұрғындардан қару сатып алуға 3 млн теңге жұмсады

0
1 026

Акция ережесі бойынша, қару қабылдау әрбір аумақтық полиция органдары бөліністерінде жүргізіледі.


​Қостанайлық полицейлер тұрғындардан қару сатып алуға 3 млн теңге жұмсады

ERNUR.KZ. Қостанай облысының полиция департаменті тұрғындардан 65 дана қару сатып алды, деп жазады ҚазАқпарат.

2019 жылдың 10 сәуірінен бастап полиция департаменті облыс тұрғындарынан атыс қаруын, оқ-дәрі және жарылғыш заттарды сатып алуды бастады. Акция ережесі бойынша, қару қабылдау әрбір аумақтық полиция органдары бөліністерінде жүргізіледі. Бүгінге дейін өз еркімен қару тапсыру жөнінде 50 өтініш түскен.

«Тұрғындардан 65 дана қару сатып алынды. Оның ішінде 3 кесік, 5 тегіс ұңғылы мылтық болса, 54-і - оқ-дәрілер. Акцияны өткізу үшін республикалық бюджеттен біздің облысқа 3 млн 225 мың теңге бөлінді. Жалпы ел бойынша 11 млн 168 мың теңге қарастырылған. Облыста қаруды сатып алуға бөлінген қаражат толығымен игерілді»,- делінген полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрі және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған тұлғалар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Ведомстводан мәлім еткендей, өз еркімен қару тапсырған адамдар әрбір қару-жарақ немесе оқ-дәрі үшін 10-нан 100 АЕК дейін ақшалай сыйақы алды.