​ҚР АҚДМ мен АБҚО қызметкерлеріне Азия банкінің курстары басталады

0
731

Орталықтың барлық оқытылған қызметкерлері грантты жүзеге асырғаннан кейін ҮЕҰ тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында грант алушылар үшін біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру бойынша жұмысқа тартылады.


​ҚР АҚДМ мен АБҚО қызметкерлеріне Азия банкінің курстары басталады

15 наурызда қазақстандық ҮЕҰ дамуын қолдау саласындағы қызметкерлердің әлеуетін арттыруға бағытталған оқыту курстары басталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Біз алғаш рет елдің азаматтық қоғамымен жұмыс жасау жөніндегі уәкілетті орган ретінде, АҚДМ және АБҚО қызметкерлерінің құзыреттерін арттыру үшін Азия даму банкін тарттық. Бұл курстар кең таралған және азаматтық сектордың дамуына әсер ететін үздік халықаралық тәжірибелерді алуға мүмкіндік береді», - деді Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрайымы Лима Диас.
Жобалық басқару, қаржылық менеджмент, әлеуметтік жобаларды мониторингілеу және бағалау, фандрайзинг бойынша курстар гранттық және жобалық басқару саласындағы кадрлық әлеуетті арттыруға бағытталған.
Жоба шеңберінде гранттық жобаларды жоспарлау, мониторингілеу және бағалау процесіне тікелей жұмылдырылатын ҚР АҚДМ бейінді құрылымдық бөлімшелерінің 5 қызметкері, сондай-ақ «жобалық басқару», «қаржы менеджменті», «әлеуметтік жобаларды мониторингілеу және бағалау» бағыттары бойынша АБҚО-ның 15 қызметкері оқытылатын болады.
Орталықтың барлық оқытылған қызметкерлері грантты жүзеге асырғаннан кейін ҮЕҰ тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында грант алушылар үшін біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру бойынша жұмысқа тартылады.
«Бұл алған білім мен дағдылардың АБҚО-на және ҚР АҚДМ-де тұйықталып қалмай, ҮЕҰ секторында пайдалануға мүмкіндік береді. Осылайша, жоба менеджерлеріне арналған бірқатар курстар мен Фандрайзинг курсынан өткен орталықтың 10 қызметкері қосымша «тренерлерге арналған тренингтен» өтеді», - деп қорытындылады Лима Диас.