ҚР Самбо федерациясы Астанада Әлем чемпионатын өткізуге дайындықты бастады

0
261

ҚР Самбо федерациясы құрылғалы, отандық спортшылар көптеген маңызды шараларға қатысып, ел намысын халықаралық аренада қорғап жатыр.


ҚР Самбо федерациясы Астанада Әлем чемпионатын өткізуге дайындықты бастады

ERNUR.KZ. Бүгінде федерацияда 43 мыңға жуық спортшы бар. Самбо күресінен тұңғыш Әлем чемпионаты 1973 жылы Иран астанасы Тегеран қаласында өткен. Сол жылдан бері 46 рет еліміздің жалауы әлемдік ареналарда көтерілген. Қазақстандық спортшылар алдағы Әлем чемпионатында да есе жібермей, боз кілемде барын салып, алтын медальді қоржынға салады деген үміт бар. ҚР Самбо федерациясының Бас хатшысы Ерназар Бексұлтанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, федерация жыл сайын самбодан Қазақстан Республикасының чемпионатын өткізіп келеді. Сонымен қатар 2022 жылы Ақтау қаласында Азия кубогын, 2023 жылы Астана қаласында Азия чемпионатын, биыл Ақтау қаласында Азия және Океания чемпионатын өткізді. 2023 жылы Астанада өткен Азия чемпионаты өтті, 2024 жылы Ақтау қалсында болған Азия және Океания чемпионатына 25 мемлекеттен 500 астам спортшы бақ сынады. Федерацияның ұйымдастырған әрбір чемпионат жоғары деңгейде, ойдағыдай өтіп жатыр.

«Спортшыларымыз қажетті тәжірбиелерін жинақтап, жеңіс тұғырынан да көрінді. Өзге де жарыстарға қатысуға шабыт алады. Шетелдік қонақтар еліміздің қонақжайлығын көріп, көрікті жерімізге тамсанды», – деді спикер.

Енді федерация Астана қаласында Әлем чемпионатын өткізуге дайындалып жатыр. Қазіргі алға қойған басты мақсаттарының бірі – Әлем чемпионатын өткізу, додада спортшыларымыздың жоғары деңгейде нәтиже көрсетіп, көк байрағымызды көкке желбірету, Әлем чемпиондарын шығару. Ал, келер жылы клубтық системаны дамытып, жастар, жасөспірімдер және кіші жасөспірімдер санын көбейту, кішкентай бүлдіршіндерді спортқа баулу жоспарда бар.