ҚР СІМ: Енді қазақстандықтар Сейшел аралдарына визасыз барады

0
1 390

Келісім мемлекетаралық рәсімдер аяқталғаннан кейін күшіне енеді


ҚР СІМ: Енді қазақстандықтар Сейшел аралдарына визасыз барады

Қазақстан мен Сейшел аралдары визасыз режим туралы келісімге қол қойды, деп ERNUR.KZ СІМ-не сілтеме жасап.

Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясының аясында Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу және Сейшел аралдарының Сыртқы істер және туризм министрі Сильвестр Радегонд екіжақты қатынастарды дамыту және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылдар бойынша келіссөздер жүргізді.

М.Нұртілеу Қазақстанның Африка елдерімен ынтымақтастығының өсіп келе жатқан маңыздылығын атап өтті. Ол екіжақты негізде және көпжақты бірлестіктер шеңберінде өзара қызығушылық тудыратын салаларда қазақ-сейшел ынтымақтастығын дамытуға бірлескен күш-жігер жұмсауға дайын екенін растады.

- Келіссөздер қорытындысы бойынша министрлер Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сейшел Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойды. Ол әрбір жарты жылда 30 күнтізбелік күнге дейін кіру кезінде паспорттардың барлық түрлері үшін визалық талаптардың күшін жоюды көздейді, - делінген ақпаратта.

Аталған Келісім күшіне енуі үшін қажетті мемлекетаралық рәсімдердің аяқталғаны туралы тараптардың соңғы жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күнінен кейін 30 күн өткен соң күшіне енеді.