Құрылтайға 145 депутат сайланды.
фото: Ақорда
ERNUR.KZ. Бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың жалпы отырысында жаңа орган депутаттарының салтанатты ант беру рәсімі басталды.
— Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, — деп жазылған ант мәтінінде.
Сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес сайлаушылардың 5 және одан да көп пайыз дауысын жинаған бес саяси партия арасында депутаттық мандаттар айқындалды. Осыған байланысты ҚР Құрылтайы депутаттарының 145 мандаты төмендегідей бөлінді:
- «Әділет» партиясы — 110 мандат;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия — 8 мандат;
- «Ауыл» партиясы — 10 мандат;
- «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы — 8 мандат;
- «Respublica» партиясы — 9 мандат.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың алғашқы құрамына айрықша жауапкершілік жүктелетінін айтқан еді.
Президент ҚР Құрылтайының төрағасы лауазымына Айбек Дәдебайды ұсынды.


