Құрылыс индустриясы: Экономиканың негізін қалайтын маңызды күш

0
230

​Бүгінде құрылыс саласында «e-Qurylys», қала құрылысы кадастры сияқты автоматтандырылған бақылау жүйелері енгізіліп жатыр.


Құрылыс индустриясы: Экономиканың негізін қалайтын маңызды күш
Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT

ERNUR.KZ. Бұл бастамалар жобалаудан бастап пайдалануға беруге дейінгі әрбір кезеңді бақылауға мүмкіндік береді, үдерістердің ашықтығын арттырады, стандарттардың сақталуына кепіл болады. Цифрлық технологиялар құрылысты жылдам, қауіпсіз, сапалы жүргізуге бірден-бір сеп.

Кейінгі жылдары құрылыс саласында ауқымды цифрлық трансформациялар жүзеге асып жатыр. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің негізгі жобаларының бірі Бірыңғай цифрлық экожүйені – қолданыстағы ақпараттық жүйелерді алмастыратын «Тапсырыс берушінің бірыңғай терезесін» енгізуі болды. Жаңа портал egov.kz платформасымен бі­ріктіріледі де, қала құрылысын жоспарлаудан бастап нысандарды пайдалануға беруге дейін құрылысты сүйемелдеудің толық циклін қамтамасыз етеді. Қазірдің өзінде еліміздің инже­нерлік инфрақұрылымының 90%-дан астамы цифрландырылды.

Қысқасы, бүгінгі құрылыс алаңы – жай ғана ғимараттар тұрғызу емес, барлық азаматтарға қолайлы, қауіпсіз, заманауи орта қалыптастыру жөніндегі кешенді жұмыстың тоғысқан жері. Сол тұрғыда Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев атап өткендей: «Өсіп келе жатқан урбанизация, қалалардың қарқынды дамуы жағдайында құрылыс саласы елдегі өсім, өмір сапасының қозғаушы күші, құрылысшылардың тәжірибесі, кәсібилігі мен адалдығы ел экономикасының сенімді тірегі болып қала береді».

Тұрғын үйлер салып, инженерлік желілерді жаңартып, аса маңызды инфрақұрылымдық нысандарды жасап, отандық экономиканың дамуына өлшеусіз үлес қосып жатқан мамандар қандай құрметке болсын лайық.