Кейінгі алты жылда халықты сумен қамту деңгейі өсті, қазір қалалардың 99,3%-ы, ауылдардың 97,5%-ы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген.
Фото: Ерлан ОМАР, «ЕQ»
ERNUR.KZ. Бұрынырақта құрылысшылар өнеркәсіп орындары мен жаңа қалалар салуға басымдық беріп келген болса, бүгінде олар тұрғын үй қорын да, инженерлік инфрақұрылымды да дамытуға да ерекше көңіл бөліп отыр.
Кейінгі алты жылда халықты сумен қамту деңгейі өсті, қазір қалалардың 99,3%-ы, ауылдардың 97,5%-ы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар кәріз-тазарту құрылғыларын қайта жаңарту, жаңа жолдар салу, тұрғын үй қорын жаңғырту жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді.
Өңірлерде тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде кондоминиум нысандарының барлық мүлкіне, оның ішінде қасбеттері мен шатырларына күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ өңірлерге республикалық бюджет қаражатынан көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізуге 7 жылға 0,1%-дық кредиттер беріледі. Тек 2024 жылы ғана 233 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Соның арқасында мыңдаған отбасының өмір сүру жағдайы жақсарды, тұрғын үй қорының сақталуы қамтамасыз етілді.