Ауылдарының кіреберісіне карантиндік блокпосттар қойылған.
ERNUR.KZ. Құс тұмауына байлынысты Павлодар облысының бірқатар ауданында карантин енгізілді, деп жазады Azattyq Rýhy.
Бүгінгі күні Жаңақұрылыс, Ақтау, Жаңа жұлдыз ауылдарының кіреберісіне карантиндік блокпосттар қойылған. Мұнда полиция қызметкерлері мен ветериналық қызмет кезекшілік атқаратын болады.
«Тереңкөл аудаьны Жаңақұрылыс ауылының әкімі Қайырбек Әбсәламовтың айтуынша, мұнда 1800 құстың 1500 мыңға жуығының көзі жойылды. Аталмыш жұмыстар Железинка ауданының Ақтау ауылында да жүргізілуде. Сонымен қатар, құс тұмауы Жаңа жұлдыз ауылында да анықталды. Мұнда 2000-ға жуық құс қырылып қалды. Бес мыңнан астам құстың көзін жою көзделіп отыр», - дейді Железинка ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бауыржан Қаңтарбаев.