Әуежайда есірткіні жаңа жылдық сыйлық ретінде өткізбек болған әйел ұсталды

0
372

Әдетте қар көшкіні күннің жылынуынан және жаңбыр мен қардың көп жауғанынан түседі.


Әуежайда есірткіні жаңа жылдық сыйлық ретінде өткізбек болған әйел ұсталды

ERNUR.KZ. Жаңа Зеландияның әуежайында канадалық әйел шекарадан 10 килограмға жуық метамфетамин өткізбек болған, деп жазады Stan.kz.

Мәліметтерге сенсек, 29 жастағы әйел есірткіні жаңа жылдық сыйлықтар ретінде ораған. Алайда, кеденшілер оны ұстап қалды.

Олар контрабандашы әйелмен сұрақ-жауап жүргізген. Оның жол сөмкесін тексеріп, ішінен тыйым салынған заттарды тапты.

Окленд әуежайының кеден қызметінің есептеуі бойынша тәркіленген есірткінің қара нарықтағы құны 3,8 миллион жаңа зеландиялық доллар (229 миллион рубль) болуы мүмкін. Кейін канадалық әйел қамауға алынды.