Құтқарушылар Алматы облысының тауларында қар көшкіні қаупі барын ескертті

0
351

Әдетте қар көшкіні күннің жылынуынан және жаңбыр мен қардың көп жауғанынан түседі.


Құтқарушылар Алматы облысының тауларында қар көшкіні қаупі барын ескертті

ERNUR.KZ. Алматы облысының тауларында 2 қаңтарға дейін көшкін қаупі сақталады, деп жазады Ulysmedia.kz.


ТЖД мамандары азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкіні қаупіне байланысты қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шарасын сақтауды сұрайды.

Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тау жотасының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында көшкін қаупі бар 55 учаске бар.

Әдетте қар көшкіні күннің жылынуынан және жаңбыр мен қардың көп жауғанынан түседі.