Қытай, Иран, Корея азаматтарына Қазақстанға келуге тыйым салынды

0
954

1 А санатындағы елдер қатарына Қытай мен Иран және Оңтүстік Корея кіреді.


Қытай, Иран, Корея азаматтарына Қазақстанға келуге тыйым салынды

ERNUR.KZ. Коронавирусқа байланысты Қытай, Иран және Оңтүстік Корея азаматтарына Қазақстанға кіруге тыйым салынады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев айтты, деп жазады baq.kz.

Ведомствоаралық комиссияның шешімімен 1 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан - Сеул, Алматы - Сеул бағыттарындағы тұрақты рейстер санын аптасына тоғыздан үш рейске дейін қысқарттық. Бұл біздің Эйр Астана және Азия әуе компанияларының рейстері болатын. Ал ведомствоаралық комиссия 8 наурыздан бастап Оңтүстік Корея азаматтарына және бірінші санатқа кіретін елдерге кіруді тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Бүгін біз барлық қазақстандық және шетелдік авиакомпанияларға Сеул - Алматы, Сеул - Нұр-Сұлтан бағыты бойынша тек қазақстандықтарға ғана рейс жасалатындығы туралы радиограмма жібердік, - деді Берік Камалиев.
Сонымен бірге ол бізге үшінші елдер арқылы келетін қазақстандықтар бар екенін атап өтті.
Бізде басқа елдерден өзге әуе компаниялары арқылы өтетін транзиттік жолаушылар бар. Олардың барлығына қоңырау шалып, хабарлап айттық. 8 наурыздан бастап барлық әуекомпанияларға бірінші санаттағы елдердің азаматтарына Қазақстанға кіруіне тыйым салынатынын жеткіздік, - дейді вице-министр.