​Қытайда таудан аққан тасқын салдарынан он адам қаза тапты

0
118

Тағы екі адам із-түзсіз жоғалған.


​Қытайда таудан аққан тасқын салдарынан он адам қаза тапты

Фото: Синьхуа

ERNUR.KZ. Қытайдың Ішкі Моңғолия автономиялық ауданында кенеттен таудан аққан тасқын салдарынан қаза тапқандар саны 10-ға адамға жетті, деп жазады inform.kz.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, сенбіге қараған түні Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Моңғолия автономиялық аймағындағы кемпингте болған кенеттен таудан аққан тасқын қаза тапқандар саны 10-ға адамға жетті, тағы екі адам із-түзсіз жоғалды.

Баян-Нұр қалалық төтенше жағдайлар ведомствосының мәліметінше, табиғи апат сенбі күні кешкі сағат 22:00 шамасында өзеннің жоғарғы ағысының Урад-Хоуци хошун учаскесінде орын алған, салдарынан табиғатта лагерь құрған 13 туристпен байланыс үзілді. Мәліметке сәйкес, олардың ішінде бес отбасының өкілдері бар, атап айтқанда сегіз ер адам және бес әйел.
— Жексенбі күні сағат 15:30–дағы жағдай бойынша бір адам құтқарылды, — деп қосып өтті ведомство.
Оқиға орнына жедел іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 700-ден астам құтқарушы жөнелтілді.
ҚХР Төтенше жағдайлар министрлігі із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру шараларын жүргізуге бар күш-жігерін салуға шақырды және жұмысқа жетекшілік ету үшін арнайы топ жіберді. Министрлік сондай-ақ саяхатшыларға су тасқыны қаупі бар кезеңде игерілмеген табиғи аумақтардан аулақ жүруді және геологиялық қауіпті аймақтарда саяхаттау кезінде сақ болуды ескертті.