Экономикалық контрабандамен айналысқан ЖШС директоры ұсталды.
ERNUR.KZ. Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қалалық департаменті прокуратурамен бірлесіп Қытайдан экономикалық контрабанданың жолын кесті, деп жазады sputnik.kz.
Қытайдан заңсыз жеткізілген халық тұтынатын тауарлардың жалпы құны 585 млн теңгені құраған. Бюджетке төленетін кеден төлемдері мен салық мөлшері 125 млн теңгеден асады.
"Қылмыстық кодекстің 234-бабы 2-тармағы 1,4,5 тармақшаларында қарастырылған экономикалық контрабанда фактісі бойынша "Group of the Companies TDA" ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Фирманың барлық операциялық жұмысын ЖШС директоры орындаған", - деп мәлімдеді Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты директорға қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады. Егер оның кінәсі дәлелденсе, ол мүлкі тәркіленіп, үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.