Қыздарға IT-мамандықтарды тегін үйрететін бағдарлама басталды

0
278

Tech girls бағдарламасына өтініштер 2024 жылдың 7 ақпанынан 1 наурызына дейін қабылданады.


Қыздарға IT-мамандықтарды тегін үйрететін бағдарлама басталды

ERNUR.KZ. Бағдарлама 16 мен 25 жас аралығындағы қыздарға арналған, деп жазады baq.kz.

Tech girls бағдарламасының іске қосылғанын Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі Азиза Шөжеева хабарлады.

Бағдарламаның мақсаты – қыздардың цифрлық білімін арттыру, кодсыз және төмен кодты бағдарламалау негіздерін үйрету, оларды STEM-ге тарту. Сондай-ақ осы бағдарлама аясында қыздар мансапты жоспарлау, сұхбаттан өту және армандаған жұмысына тұру туралы білім алады, - деді ол.

Tech girls ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның, Astana Hub халықаралық технопаркі мен Techno Women қауымдастығының бастамасымен жүзеге асырылмақ.

Tech girls бағдарламасына өтініштер 2024 жылдың 7 ақпанынан 1 наурызына дейін осы сілтеме бойынша қабылданады.