Өрт тез таралып, қатты түтін жалынды өшіруге кедергі келтірді.
Фото: Pixabay.com
ERNUR.KZ. Қызылорда облысы Жаңақорған ауылында екі қабатты сауда үйінде өрт шықты, деп жазады stan.kz.
Өрт сөндірушілер ғимаратқа жеткен кезде сауда үйінің төбесі опырылып түскен. Өрт тез таралып, қатты түтін жалынды өшіруге кедергі келтірді.
Өртті сөндіруге бірнеше су атқыштары, 20-ға жуық адам және 6 бірлік техника жұмылдырылды. Су тоқтаусыз жеткізілді.
288 шаршы метр аумақта өрт ауыздықталып, сөндірілді. Ешкім зардап шеккен жоқ.