Жобаға облыстық бюджеттен 85 млн теңге бөлінген.
фото: Unsplash/Christopher Gower
ERNUR.KZ. Қызылорда облысында жасанды интеллект арқылы 151 қылмыс ашылды, деп жазады sputnik.kz.
Ведомство алаяқтық қылмыстарының алдын алу үшін "IT ТERGEU" жобасын әзірледі, бұл жоба жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін сот-тергеу тәжірибесінде тиімді қолдануға бағытталған, дейді облыстық прокуратура.
Жобаға облыстық бюджеттен 85 млн теңге бөлінген.
"Бағдарлама көмегімен 749 қылмыстық іс бойынша 1074 ұялы телефон нөмірі тексерілді. Нәтижесінде 151 қылмыс дерегі ашылып, 62 күдікті ұсталды, сондай-ақ 2 киберқылмыстық топ, 52 дроппер мен хабар-ошарсыз кеткен 91 адам табылды", - дейді ведомство.
Қазіргі уақытта интернет алаяқтық бойынша 264 қылмыстық істің 78-і сотқа жолданып, көрсеткіш 29%-ке артты.
"Банктер мен микроқаржы ұйымдарына қатысты 52 істің күмәнді есепшот транзакцияларын тоқтату үшін анти-фрод орталығына сұраныс жолданды", - дейді прокуратура.