Макрон, Ердоған, Орбан: Қазақстанға әлемдік көшбасшылар келеді

0
534

Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келесі аптада Франция президенті Эммануэль Макронның Астанаға сапары күтіледі.


Макрон, Ердоған, Орбан: Қазақстанға әлемдік көшбасшылар келеді

ERNUR.KZ. Жақын арада Қазақстанға бірнеше әлемдік көшбасшылар келеді деп күтіледі. Олардың арасында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Франция президенті Эммануэль Макрон, сондай-ақ Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан бар, деп жазады tengrinews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келесі аптада Франция президенті Эммануэль Макронның Астанаға сапары күтіледі. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті былтыр қарашада Парижге барып, Макронмен келіссөздер жүргізген болатын.

Түркия көшбасшысы Ердоғанның сапары Түркі мемлекеттері ұйымының 10-мерейтойлық саммиті аясында 3 қарашаға жоспарланған. Бұл туралы бұған дейін Мұрат Нұртілеу Түркия сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездесуінде мәлімдеген болатын. Ердоған да арнайы жеделхат арқылы Тоқаевпен кездесуге ниетті екенін растады.

Астанаға Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан да келеді. Бұл туралы Нью-Йоркте Қазақстан мен Венгрия басшыларының кездесуінде белгілі болды. Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне де қатысуы мүмкін.