Нөсер салдарынан 8 аула, 2 тұрғын үй, 3 көше және 1 жалпы білім беретін мектеп су астында қалды.
ERNUR.KZ. Жаңаөзенде нөсер жаңбыр жауып, мектеп пен үйлер су астында қалды, деп жазады inbusiness.kz.
Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 мамырға қараған түні қалада қатты жаңбыр жауып, 112 шұғыл нөміріне көптеген қоңырау түскен.
Нөсер салдарынан 8 аула, 2 тұрғын үй, 3 көше және 1 жалпы білім беретін мектеп су астында қалды. Бүгінде Жаңаөзен қаласының төтенше жағдайлар бөлімі әкімдікпен бірлесіп №3 өрт сөндіру бөлімінің коммуналдық қызметтердің арнайы техникаларын және су сору құрылғыларын шығарды.
Жаңбыр суын сору жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің 16 қызметкері, 1 техникасы мен 3 мотопомпасы, сондай-ақ коммуналдық қызметтердің 17 жұмыскері мен 12 техникасы жұмылдырылған.