Мәсімовке рақымшылық жасалмайтын болды

0
498

​​Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Масімовке рақымшылық жасаудан бас тартты.


Мәсімовке рақымшылық жасалмайтын болды

ERNUR.KZ. Мәсімовтің өтініші президент жанындағы кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияда қаралды, деп жазды informburo.kz.

Мемлекет басшысы рақымшылық жасамау туралы шешім қабылдады.
Еске салсақ, Кәрім Мәсімов 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде ұсталды. Кәрім Мәсімов Қылмыстық кодекстің175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Жазаны ішінара қосу арқылы 18 жылға бас бостандығынан айыру, мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.