Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы: кандидаттарға үгіт-насихатқа қанша ақша бөлінеді

0
1 650

Көлік шығындарына 70 мың теңге белгіленген.


Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы: кандидаттарға үгіт-насихатқа қанша ақша бөлінеді

ERNUR.KZ. Парламент мәжілісінің депутаттығына үміткер кандидаттарға сайлау алдындағы үгіт-насихатқа 950 мың теңгеден бөлінеді. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина хабарлады, деп жазады sputnik.kz.

"Парламент мәжілісінің депутаттығына партиялық тізімдегі үміткерлерден бөлек кандидаттарға 950 мың теңге көлемінде бөлінеді. Оның 450 мыңы теледидар және радио арқылы бағдарламасын таныстыруға, сондай-ақ мерзімді баспа немесе желілік басылымдарда екі мақала жариялауға беріледі. 300 мыңы сайлау алдындағы іс - шараларды өткізуге, үгіт материалдарын шығаруға жұмсалады, ал көлік шығындарына 200 мың теңге жұмсайды", - деп түсіндірді Сәбила Мұстафина.
Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен елорда мәслихаттарының депутаттығына партиялық тізімдегі үміткерлерден басқа кандидаттарға 550 мың теңгеден беріледі.
Оның 350 мыңы БАҚ–та сөйлеуге жұмсалса, іс–шараларды өткізіп, үгіт-насихат материалдарын шығаруға 130 мың теңге бөлінеді. Ал көлік шығындарына 70 мың теңге белгіленген.
Қала мәслихатының депутаттығына кандидаттар 350 мың теңгеден алады, оның 200 мың теңгесі БАҚ-та сөйлеуге, ал сайлау алдындағы іс-шараларды өткізуге 100 мың және көлік шығындарына 50 мың теңге қарастырылған.
Аудандық мәслихаттарға үміткерлер де 350 мың теңгеден алады.