Мәжіліс сайлауында 12 миллионға жуық адам дауыс бере алады

0
852

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сайлаушылар реестріне 11 976 406 сайлаушы енгізілген.


Мәжіліс сайлауында 12 миллионға жуық адам дауыс бере алады

ERNUR.KZ. Алдағы мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында 12 миллионға жуық сайлаушы дауыс бере алады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында белгілі болды, деп жазады sputnik.kz.

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сайлаушылар реестріне 11 976 406 сайлаушы енгізілген. Олар тұрғылықты жері бойынша алдын ала сайлау учаскелеріне бөлінді.
Сайлаушылардың ең көбі – 1 117 507 азамат Түркістан облысында, ең азы – 137 277 азамат Ұлытау облысында тұрады.
Еске салсақ, мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау биыл 19 наурызда өтеді. Кандидаттарды ұсыну 20 қаңтарда басталды, ол 8 ақпан күні сағат 18.00-де аяқталады.
Алдағы мәжіліс сайлауына Қазақстанда тіркелген 7 саяси партия да қатысады.