​Мектеп ауласындағы дәретханалар бедеулікке әкелуі мүмкін

0
1 031

Қазақстандағы отбасылардың 15 пайызы баласыз, ал жасөспірімдер арасында түсік жасау дендеп бара жатыр


​Мектеп ауласындағы дәретханалар бедеулікке әкелуі мүмкін


Мектеп шағында ауладағы дәретханаларға барған оқушылардағы қабыну есейе келе бедеулікке шалынудың бір себебі болуы мүмкін. Бұл туралы "Амансаулық" қоғамдық қорының жетекшісі Бақыт Түменова Сенаттағы тыңдау кезінде айтты, - деп хабарлайды tengrinews.kz.

Түменова Қазақстандағы отбасылардың 15 пайызы баласыз, ал жасөспірімдер арасында түсік жасау дендеп бара жатқанын атап өтті. "Бүгінде бедеулікке себеп түсік қана емес, бала кездегі қабыну да себеп болуы мүмкін. Өйткені оқушылардың көпшілігі ауладағы дәретханаларға барады. Назар салыңыздаршы, сол ұлдар мен қыздар суық тию салдарынан кейін белсіз және бедеу болып жатады. Маңызды мәселе ме? Иә. Бұған Денсаулық сақтау министрлігі ғана жауапты ма? Олай емес", - дейді Түменова. Ол азаматтарымыздың денсаулығы - Денсаулық сақтау министрлігінің ғана емес, адамдардың және өзге де құрылымдардың мәселесі екеніне назар салуды сұрады.