Астанада тәуелсіз комиссия барлық білім беру мекемелеріндегі тамақтану сапасын тексеруді бастайды.Естеріңізде болса осыған дейін тәуелсіз комиссия бірқатар заң бұзушылықты анықтаған еді, деп хабарлайды
Астанада тәуелсіз комиссия барлық білім беру мекемелеріндегі тамақтың сапасын тексеруді бастайды.Естеріңізде болса осыған дейін тәуелсіз комиссия бірқатар заң бұзушылықты анықтаған еді. Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.
«Осы заң бұзушылық орын алғаннан кейін басшылар мен азық-түлік тасымалдаушыларға қажетті шаралар қолданылады. Қандай шаралар қолданылатыны тәртіптік отырыста белгілі болады. Айта кету керек, осы секілді тексерулер барлық білім ордаларында жүргізіледі. Қазіргі таңда ата-аналар осындай тексерулерге қатысып, мектептегі асханалардың жағдайын жақсартуға атсалыса алады»,-деді Астана қаласы Білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Жазира Асанова.
Естеріңізде болса, осыған дейін Елордадағы бірнеше мектеп тексерілген болатын. Бірақ нәтиже көңіл көншітпеді: бірнеше заң және тәртіп бұзушылық анықталған.