Мектептердегі оқу жылы 1 маусымға дейін ұзартылмайтын болды

0
101

Алдымен елдегі барлық мектептер заманауи кабинеттермен толықтай қамтамасыз етілуі керек.


Мектептердегі оқу жылы 1 маусымға дейін ұзартылмайтын болды

Фото: caravan.kz

ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев биыл мектептердегі оқу жылын ұзарту туралы мәселе қаралмайтынын айтты, деп жазады Skifnews.kz.

Оның сөзінше, алдымен елдегі барлық мектептер заманауи кабинеттермен толықтай қамтамасыз етілуі керек.

Бұл талап толық орындалған жағдайда ғана оқу жылы ұзартылуы мүмкін.

Министр білім беру мекемелерінің инфрақұрылымын дамыту мәселелері шешілмейінше, оқу жылын ұзарту туралы әңгіме қозғалмайтынын атап өтті.