Биыл он пайыз мемқызметкер қысқартылады.
ERNUR.KZ. Мемлекеттік қызметшілердің қайсысы бірінші кезекте қысқартылатыны белгілі болды. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова айтты, деп жазады Stan.kz.
Оның айтуынша, штаттағы қысқарту бос орындар мен зейнетке шығатын қызметкерлердің есебінен жүзеге асады.
"Биыл он пайыз қызметкерді қысқартуымыз керек. Келесі жылы - 15 пайыз. Бұл ретте бос лауазымдардың үлесі 8,5 пайызды құрайды. Осыған байланысты биылғы жылы қысқарту бос лауазымдар есебінен қамтамасыз етіледі деп ойлаймыз", - деді Жайылғанова.
Сонымен қатар, бос лауазымдар біркелкі бөлінбейтінін ескеру қажет, сондықтан "әрбір мемлекеттік орган бойынша жеке есептеулер жүргізу қажет".
"Әрбір мемлекеттік орган мұны өзі шешетін болады. Бұдан басқа, біз ресурсты да пайдаланатын боламыз. Бізде жұмыскерлердің зейнетке шығуы есебінен жыл сайын бір мыңнан астам бірлік босап шығады. Тағы алты мыңға жуық адам - бұл жыл сайынғы ауысымдылық: жеке секторға немесе басқа ұйымдарға ауысатындар. Бұл құралдар да қолданылады. Бірақ қандай жағдай болмасын біз нақты адамдарды қысқартпаймыз және оларды жұмыссыз қалдырмаймыз. Әрине, бұл тетіктердің барлығы ойластырылған. Менің ойымша, мемлекеттік органның кез келген басшысы қысқартуға түсетін адамдарға қамқорлық жасайды", - деп түйіндеді ол.