Мемлекет басшысы «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовті қабылдады

0
187

Кездесуде мұнай-газ саласындағы бірлескен жобалар аясында ынтымақтастықты одан әрі дамыту жайы талқыланды.


Мемлекет басшысы «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовті қабылдады

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Лукойл» компаниясының Қазақстандағы қызметінің қорытындылары және таяу жылдарға арналған жоспары таныстырылды.

Кездесуде мұнай-газ саласындағы бірлескен жобалар аясында ынтымақтастықты одан әрі дамыту жайы талқыланды.