Мемлекет басшысы Сербия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

0
398

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады.


Мемлекет басшысы Сербия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

ERNUR.KZ. Қазақстан Президенті жеделхатында Сербияны Балқан түбегіндегі дамуы тұрақты, инфрақұрылымы өркендеген әрі мәдени мұрасы бай ел ретінде атап өтті, деп жазады kaz.inform.kz.


Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Александр Вучичке жылы лебізін жеткізіп, серб халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестігін білдірді.