Президент облыстағы энергетика және әлеуметтік нысандардың тыныс-тіршілігімен танысады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінің бірқатар кәсіпорнына барып, энергетикалық және әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысады деп жоспарланып отыр.